Түнгі уақытта бейнебақылау камераларының біріне BMW автокөлігімен қауіпті дрифт жасау дерегі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзғаны үшін ол сот шешімімен 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Айта кеетйік, автомобиль жолдарында дрифт жасау және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де қауіпті маневрлер жасау заңнамада көзделген жауапкершілікке, оның ішінде әкімшілік қамауға әкеп соғады.