«Ішім өртеніп барады»: Нұрай Серікбайдың ағасы сот процесіне қатысты тың дерек айтты

Бүгін, 09:45 / Алуа Арман

Марқұм Нұрай Серікбайдың туған ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«36 рет пышақ сұғылған. Елестетіңізші 36 рет. Он емес, жиырма емес, отыз да емес, отыз алты рет. Жай қолымызды тіліп алсақ жылап жібереміз, ал +-20 см пышақ кірігенде қандай сезімде боламыз? Ең өкініштісі – әр бір сұғылған пышақты нәзік Нұрай сезінді. Не деген ауыр өмір бұл. Ішім өртеніп барады. Тек өмір бақи бас бостандығынан айырылсын!», - деп жазған ол.

Сондай-ақ бүгін төртінші сот процесі өтетінін, оған сотталушының туыстары мен тергеуші, прокурор келуі тиіс екенін де жеткізді.

Тэгтер:

Нұрай Серікбай