Әнші Димаш Құдайберген түрік тіліндегі «Yazgi» атты жаңа әнінің жарыққа шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі сондай-ақ соңғы он жыл бойы өзіне қолдау көрсетіп келе жатқан жанкүйерлеріне алғыс білдірді.
«Бізді бала кезімізден әнші өз аудиториясының сүйіспеншілігіне ие болуға ұмтылуы керек деп үйретті. Бірақ әншінің негізгі аудиториясы кейде әлемнің арғы жағында болатынына көзім жеткелі біраз уақыт болды. Сондықтан түрік тіліндегі «Yazgi» атты жаңа әнім бүгін жарыққа шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен қолдап жүрген барлық Dears жанкүйерлеріме соңғы 10 жыл бойы әрдайым жанымда болғандарыңыз үшін рақмет. Сіздер менің шығармашылығымды жалғастыруыма себеп болып келесіздер. Композиторы – Димаш Құдайберген. Сөзін жазған – Өркен Әбдіров», – деді ол.