«Тойдан кейін ауырып қалдым»: Алтынай Жорабаева денсаулығы сыр бергенін айтты

Бүгін, 07:22 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатқаннан кейін денсаулығы сыр бергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан кейін сырқаттанып қалғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.

"Тойдан кейін мазам болмай, ауырып қалыппын. Мұздай су мүлдем ішпеймін. Бірақ тамағым ісіп, дауысым әрең шығып. Есімді енді жиып жатырмын. Қазір ғана телефонымды қолға алып, келінім Аяудың салған посттарын қарап отырмын. Осынша әдемі естеліктерді көріп, бар шаршағаным ұмытылып кеткендей болды", – деп жазды әнші.