Шымкентте жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Бүгін, 06:56 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Мамытов көшесінде жеңіл автокөліктен өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ автокөліктердің техникалық жай-күйін тұрақты түрде тексеріп отыруға шақырады.