Бейсенбі, 6 Қазан, 2022

"Болашаққа" жаңа ережемен құжат қабылдау басталды

Елімізде «Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бірақ биылғы жылы аталмыш бағдарламаға құжаттар қабылдау жаңа ереже бойынша жүзеге асады.

2015 жылдың 13 сәуірінен бастап «Болашақ» бағдарламасына құжаттар қабылдау жаңа ереже бойынша жүзеге асады, деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов. «Болашақ» бағдарламасына биыл да квоталы категориялар бойынша мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми-педагог мамандар, жоғары оқу орнының түлектері, мәдениет және БАҚ қызметкерлері және жеке үміткерлер өтініш бере алады. Бұрынғысынша инженерлер, медициналық қызметкерлер, ғылыми-педагогтар үшін тәжірибеден өту жобасы жалғасады. IELTS нәтижесі де бұрынғыдай 4.0 балл.

Тек биылғы жылы тілге дайындау курстарына қатысты өзгерістер енгізілді. «Осы жылы тіл үйренуге дайындау заң бойынша бекітілді. Биылғы жылдан  бастап қыркүйек-қазан айларында тіл үйренуге дайындау барлық  квоталық категориялар бойынша 6+6 жаңа моделімен жүреді. Яғни,  алғашқы алты айда әрбір квоталы стипендиат тілдік курсты Алматы мен Астана қалаларындағы тіл үйрету орталықтанының   базасында өтеді. Жарты жылдан кейін ғана тіл білу деңгейін арттыру    үшін шетелге барады. Сонымен қатар, тіл үйрену мерзімі 18 айдан 12 айға    дейін қысқартылды», – деді Нығметов.

Сондай-ақ, магистр және  PhD дәрежесі бар талапкерлер де «Болашақ» бағдарламасының шәкіртақысына ие бола алады. Бастысы олар мұндай дәрежені «Болашақ» бағдарламасымен алмаса болғаны.  Биылғы жылы республикалық комиссия 600 шәкіртақы бөлу туралы шешім қабылдапты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button