«Барлығы өз ісі үшін жауап береді»: Әділет Зейнелдің қазіргі әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа бермек

Бүгін, 20:50 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әділет Зейнелдің қазіргі әйелі Жұлдыз Мырзәлі өзіне және жұбайына қатысты әлеуметтік желіде тараған сын-пікірлерге жауап беріп, отбасы ықтимал сот талқылауына дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұлдыз Мырзәлінің айтуынша, қазіргі уақытта отбасы әлеуметтік желілерде жарияланған жазбаларды, пікірлерді, скриншоттар мен бейнематериалдарды жинап жатыр. Оның сөзінше, бұл материалдар заң аясында қаралуы мүмкін.

«Бұл қорлаулардың, жала жабудың және дәлелсіз айыптаулардың барлығы мамандардың қарауына беріледі. Біз үндемей отырғанымыз кінәлі болғандықтан немесе жауап бере алмай отырғандықтан емес, дәлел жинап жатқандықтан», – деп жазды ол.

Сонымен қатар, Жұлдыз Мырзәлі анонимді парақшалар арқылы жарияланатын жазбалар да жауапкершіліктен босатпайтынын айтып, мұндай әрекеттердің құқықтық тұрғыда бағаланатынын жеткізді.

«Әр адам өз әрекеті мен сөзі үшін жауап береді. Жалған аккаунт ашқандарыңыз біз сіздерді таба алмайды дегенді білдірмейді. Біз енді ғана іске кірістік. Барлығы өз ісі үшін жауап береді», – деді ол.