Екі ел арасындағы меморандум

Екі ел арасындағы меморандум

Екі ел арасындағы меморандум
ашық дереккөзі
Жансейiт Түймебаев Оңтүстiк Корея Республикасының денсаулық сақтау саласындағы бiр топ үздiк дәрiгерлерiмен кездестi. Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгiне қарасты KHIDI (Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты) өкiлдерiн – аталған елдегi алдыңғы қатарлы төрт клиниканың мамандарын KHIDI халықаралық денсаулық сақтау департаментiнiң директоры О Джонг Хи бастап келдi. Екiжақты әңгiмеде өңiр басшысы мәртебелi меймандарға облысқа жасаған арнайы жұмыс сапары үшiн алғысын бiлдiрiп, алдағы уақытта Оңтүстiк Корея Республикасының дәрiгерлерi мен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы аталған сала жетекшiлерi тәжiрибе алмасу мақсатында ынтымақтастық пен тығыз қарым-қатынас орнататынына сенiм бiлдiрдi. «Оңтүстiк Қазақстан облысы Ұлы Жiбек жолының бойы – тоғыз жолдың торабында орналасқан өңiр. Аймағымыз Азия мен Еуропаның қақ ортасындағы мекен деуге де келедi. Табиғаты қолайлы, климаты тамаша облыста елiмiз бойынша халықтың тығыз орналасқанын да айта кету керек. Мұнан бөлек, республиканың күнгейiнде келiм-кетiм көп, әсiресе шетелдiк қонақтардың саяхаттайтын сүйiктi мекенiне айналып отыр. Сондықтан бiзде Оңтүстiк Кореямен бiрлескен медицина саласындағы жоғары оқу орнын ашуға болады деп есептеймiн. Сонымен бiрге, өңiрде медицина саласының мамандары көп. Оларды қайта оқытып, бiлiмiн жетiлдiруге болады» дедi әкiм. Өз кезегiнде сөз алған KHIDI халықаралық денсаулық сақтау департаментiнiң директоры О Джонг Хи Оңтүстiктегi медициналық қызмет сапасын арттыру үшiн екi бағытта жұмыс iстелу қажеттiгiн айтты. Оның бiрiншiсi – өңiрдегi медицинаға заманауи технологиялар мен медқұрылғыларды ендiру болса, екiншiсi – дәрiгерлердi бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқыту. Оқыту жұмыстарының дәл қазiргi таңда Сауд Арабиясында жүргiзiлiп жатқанын жеткiзген О Джонг Хи мұндай байланыстардың Кувейт мемлекетiмен де орнатылғанын мәлiмдедi.+ Жиын қорытындысы бойынша тараптар бiрлескен жұмыстарды дамыту шеңберiнде өзара уағдаласып, Оңтүстiк Кореяның 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзiлген ынтымақтастық меморандумына қол қойды.