Мемлекет басшысы автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты

Бүгін, 15:29 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатынан кейін олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.