Шілдеде шекарадан өтпек болған 4 мың шетел азаматы ұсталды

Бүгін, 10:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2026 жылдың шілдесіндегі жұмыстардың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы шілдеде құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 4 975 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 346 шетел азаматтары.

3,9 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:

39 факті – есірткі заттары;

88 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі);

1 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге;

392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Тэгтер:

ҰҚК шетел азаматы шекара