Қазақстандық оқушылар лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи жетістікке жетті

Бүгін, 22:18 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.

Қола медаль иегері:

Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы. 

Сонымен қатар Рамазан Бутантаев -(Ақтау қаласы), Аслан Ажибаев (Павлодар қаласы) және Кирилл Тургумбаев (Қостанай облысы) Құрмет грамотасының иегерлері атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.