Қарағанды облысында тауда бес турист адасып кетті

Бүгін, 18:41 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында "Шахтер" демалыс аймағының маңындағы тауға серуендеуге шыққан бес турист адасып кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.

Адасқан бесеудің үшеуі бала.

Туристер "Шахтер" демалыс аймағынан солтүстікке қарай 15 шақырым жерде орналасқан Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы "Кендара" шатқалында болған.

"ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, демалушыларды қысқа уақытта тапты. Оларды аман-есен "Шахтер" демалыс аймағына жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - дейді министрлікте.

Орманға барарда өзіңізбен бірге қуаты толық телефонды, ауыз су мен азық-түлік қорын міндетті түрде алып жүріңіз. Жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы алдын ала хабарлап, қараңғы уақытта орманға шықпаған жөн, деп ескертті құтқарушылар.