Құтқарушылар теңізде үрлемелі шеңбермен жағалаудан алыстап кеткен қызды құтқарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жерде орналасқан "Кендерлі" демалыс базасы маңында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2004 жылы туған қызға көмек көрсетті.
Демалыс кезінде оны үрлемелі жүзу шеңберімен жағалаудан шамамен 200 метр қашықтыққа теңізге ағыс алып кеткен. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қызды жағаға жеткізді.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар желді ауа райында ашық су айдындарында үрлемелі шеңберлер мен матрастарды пайдалану өте қауіпті екенін ескертті.