Алматының Медеу ауданында есірткі таратты деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы полиция хабарлады.
Жеке тінту кезінде одан изолентамен оралған ондаған түйіншек табылған. Олардың бір бөлігінен марихуана, ал қалғанынан алдын ала мәлімет бойынша сатуға арналған синтетикалық есірткі анықталған.
Күдіктінің айтуынша, ол шамамен бір ай бұрын интернеттен «закладчик» болып жұмыс істеу туралы ұсыныс тауып, қалада есірткі таратумен айналыса бастаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір полиция есірткінің жеткізу арнасын, қылмыстық схеманы ұйымдастырушыны және басқа да қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтап жатыр.