"Білімнің шамшырағы сөнбеуі керек": Ақтөбе облысының бас имамы жастарға үндеу жасады

Бүгін, 16:55 / Дана Ізтілеуова
Ашық дереккөзден

Президент жастардың сапалы білім алуы – елдің болашағы үшін маңызды міндет екенін үнемі айтып жүреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы жастарды білімді, еңбекқор, жаңашыл, бәсекеге қабілетті азаматтар ретінде тәрбиелеу қажеттігін басты назарда ұстау керектігін көп жерде айтып жеткізеді.

"Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ұстанымды діни қауымдастық та қолдайды. Еліміздегі мешіттерде өткізілетін уағыздарда білім мен ілімнің маңызы туралы көп айтылады.

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев те "Нұр ғасыр" мешітіне жиналғандарға білімнің, білімді болудың маңызын баса айтады.

"Ең алғашқы аят – оқу, білімнен басталады. Қазақта "Білімді адам мыңды жығады, білекті адам бірді жығады" деген сөз бар. Сен білекті болсаң бірді жығасың. Ал білімді болсаң мыңды жығасың.

Білім алу – инемен құдық қазғандай, ал сол ілімге амал жасау – кірпікпен құдық қазғандай. Білім қашан да керек. Білімнің шамшырағы сөнбеу керек. Жастарымыз білімді болса қоғамда сауаттылар жол бастайды", – дейді бас имам.