Батыс Қазақстан облысында «Әділет»партиясының үгіт-насихат жұмысы тұрғындарды мейілінше көп қамту мақсатында халық жиі демалатын орын қалалық мәдени-демалыс саябағында кешкі мезгілде ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара барысында өңірлік штаб өкілдері мен ерікті жастар саябақта тынығып жүрген қала тұрғындарымен жүзбе-жүз тілдесіп, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарға үгіт-насихат материалдары таратылып, алдағы Құрылтай сайлауының маңызы туралы ақпарат берілді.
Ашық алаңда өткен кездесуде қала тұрғындары жаңа форматта, жайлы атмосферада еркін пікір алмасты. Акцияға өңірлік штаб төрағасы Бауржан Бектұрған және Құрылтай сайлауына кандидат Мұратбек Мұхамбедиев, штаб мүшесі Рустам Шайхиев және белсенді жастар өкілдері қатысты.
Үгіт-насихат материалдарын тарату бұдан әрі де халық көп шоғырланатын орындарда жиі өткізіліп, сайлаушылармен кері байланысты күшейтуге бағытталады.