«Әке, мәңгілік сағынышқа айналдыңыз»: Заттыбек Көпбосынұлы әсерлі жазба жариялады

31 шілде, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба жариялады.

Өнер иесі әкесінің өмірден өткеніне бір жыл толғанын айтып, оған деген сағынышын жеткізді. Сондай-ақ ата-анасының мәңгілік мекенде қауышқанына сенім білдіріп, жақындарының көрген түстерін де бөлісті.

«Әке, сіз кеткелі бір жылдың жүзі болыпты. Анамның өмірден өткеніне 25 жыл өтті. Екеуіңіз де мәңгілік сағынышыма айналдыңыздар. Бүгін қара шаңырақта өздеріңізге арнап ас беріп, құран бағыштап жатырмыз. Ағайын-туыс, құда-жекжат пен сіздердің көздеріңізді көріп, баталарыңызды алған жандардың бәрін жинадық», – деп жазды әнші.

Заттыбек Көпбосынұлы жазбасында ата-анасына Алладан жұмақта бірге болуды тілеп, олардың рухына тағзым етті.