Продюсер Гүлзира Айдарбекова Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайының қайта үйленуіне қатысты пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның туыстарына құрмет көрсету қажет болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсердің айтуынша, егер Ұлдана Мырзуанның жұбайы бір жылдық асын өткізгеннен кейін марқұмның ата-анасының алдынан өтіп, батасын алып үйленгенде, жағдай басқаша қабылданар еді.
«Марқұм әйеліне соншалықты жылы сөзі мен көз жасымен халықпен бөліскен екен. 8 ай шыдатып, ары қарай 4 ай шыдаса, жылын өткізіп, ата-енесінің алдынан өтіп үйленсе, әйелінің әке-шешесі бұл әйелді де қызымыз деп қабылдап, батасын берер еді. Енді не болды? Елдің батасын алудың орнына қаншама ренішті елден де, бұрынғы енесінен де сөз естіп, қандай тәтті ұйқы болады жас әйелімен? Неге әулеттегі үлкен кісілер ескерту жасамаған екен? Кімнің де болса мұндай іске жүрегі ауырады ғой», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.