«Басын тасқа соғып, есінен танып қалған»: Есілге секірген 20 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
freepik.com

Ақмола облысында Есіл өзеніне секіріп, қаза тапқан 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Қайғылы оқиға 30 шілде күні Есіл ауданында, Қалашы ауылының маңында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының 20 жастағы тұрғыны биік жардан өзенге секірген. Алдын ала болжам бойынша, ол суға секірген кезде басын су астындағы тасқа соғып, есінен танып қалған. Кейін ағыс оның денесін алып кеткен.

Іздестіру жұмыстары кеше басталған. Сүңгуірлердің жұмысына өзеннің қатты ағысы кедергі келтірген. Марқұмның денесі бүгін суға кеткен жерден шамамен 200–250 метр төмен жерден табылып, жағаға шығарылды.

Шомылу маусымы басталғалы бері Ақмола облысының су айдындарында 26 адам қаза тапқан.

Тэгтер:

Ақмола облысы суға бату Есіл суға секіру