Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айтты

Бүгін, 17:02 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.