Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Тайр Сағымбаев Ақтау қалалық №2 емханасында болып, ұжыммен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, экологиялық қауіпсіздік, халықтың әл-ауқатын арттыру және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларға тоқталды.
«Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан экологияны қорғау, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуметтік мәселелерді шешу. Бұл – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Ал осы бағыттағы жұмысты қоғаммен бірлесіп жүзеге асырумыз керек», - деді Тайр Сағымбаев.
Шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Дәрігерлер мен медбикелер өздерін алаңдатқан түткілдерді ортаға салды. Сондай-ақ сайлауалды бағдарламаға қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.
Партия өкілдері мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға ықпал ететінін айтады. Азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеріп, қоғам үшін маңызды бастамаларды бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік бермек.