Жаңалықтар

Түркия ата заңына өзгертулер енгізеді

ашық дереккөзі

Түркия ата заңына өзгертулер енгізеді

Түркияда Жоғарғы сайлау кеңесі елде өткен конституциялық референдумның ақырғы қорытындысын жариялады. Аталған мекеменің басшысы Сади Гювеннің мәлімдеуінше, мемлекеттің парламенттік жүйеден президенттік басқаруға көшуін сайлаушылардың 51,41 пайызы қолдап, дауыс берген. Ал оған қарсы тараптың берген дауысы 48,59 пайызды құрады. Енді елдің ата заңына енді тиісті өзгертулер енгізіледі. Естеріңізге сала кетейік, Түркияда 16-сәуірде ел конституциясына өзгертулер енгізу туралы референдум өтіп, оппозиция оның қорытындысын мойындамады. Өйткені көптеген заңбұзушылық тіркеліп, 2 жарым миллион бюллетень дұрыс толтырылмады деген дерек бар. Бірақ Жоғарғы сайлау комитеті оппозицияның шағымын қабылдаған жоқ.