Туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бірыңғай қағидалар бекітілді

Бүгін, 11:51 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарының қызметін ұйымдастырудың бірыңғай қағидалары бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Туризм жəне спорт министрлігінің мәліметінше, құжат облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әкімдігі құратын туристік ақпарат орталықтарының жұмыс тәртібін біріздендіреді. Қағида туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және туристік ақпараттандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында әзірленді.

Қағидаларға сәйкес туристік ақпарат орталықтары мынадай функцияларды орындайды:

Қағидалар туристік ақпарат орталықтарының қызметіне қойылатын міндетті талаптарды да айқындайды. Атап айтқанда, орталықтарда келушілерге қызмет көрсетуге арналған үй-жай немесе арнайы жабдықталған орын, байланыс құралдары мен интернетке қолжетімділік, өзекті ақпараттық материалдар, қызметкерлер, сондай-ақ туристік ақпаратты тұрақты жаңартып отыруға арналған ішкі рәсімдер болуы тиіс.

Келушілерге ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Ұйымдастырушылық мүмкіндік болған жағдайда ақпарат шет тілдерінде де беріледі. Туристік ақпарат орталықтарының жұмыс режимін туристер ағынының маусымдылығы мен туристердің қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

Қағидалардың қабылдануы туристік ақпарат орталықтарының қызметін бірыңғай стандарт бойынша ұйымдастыруға, туристер үшін ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен туризм саласындағы ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге мүмкіндік береді.