Түркістан облысында интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері Tik Tok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әйел адамның агрессивті мінез-құлық танытып, былапыт сөздер қолданған бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын Баян Шанкеева болып шықты. Сот шешімімен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Түркістан облысының полициясы "Заң және тәртіп" қағидаты өмірде де, интернет кеңістігінде де қамтамасыз етілетінін ескертеді.