Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына барады

Бүгін, 10:08 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға сапармен барады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады», – делінген хабарламада.