Жаңалықтар

Қырғызстанда жыл соңына дейін биометрикалық төлқұжат тегін беріледі

ашық дереккөзі

Қырғызстанда жыл соңына дейін биометрикалық төлқұжат тегін беріледі

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев елдің премьер-министрі Сооронбай Жээнбековпен және президент әкімшілігі жетекшісі Сапар Исаковпен биометрикалық электрондық төлқұжатты енгізудің мерзімін талқылады. Бұл жөнінде мемлекет басшысы аппаратының ақпараттық саясат бөлімі хабарлайды. Қырғыз премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков биометрикалық төлқұжат енгізу электронды үкіметке көшудің маңызды қадамы дейді. Ол Қырғызстан азаматтары биылғы жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін биометрикалық электронды төлқұжатты тегін ала алатынын ескертті. Үкімет басшысының сөздерінше, төлқұжатты рәсімдеу 14 күнге дейін қысқарады. Электронды төлқұжатта азаматтың отбасылық жағдайы, ұлты, тұратын мекен-жайы, азаматтығы, саусақтарының ізі, қолтаңбасы секілді 19 түрлі мәлімет сақталады.