Құтқарушылар Қарағанды облысында жоғалып кеткен әйелді тапты

Бүгін, 09:06 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 1988 жылы туған әйелді іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел адам демалыс үйінен «Бассейн» көлі бағытына қарай шығып, адасып кеткен. Таулы аумақты қарау үшін құтқарушылар ұшқышсыз ұшу аппаратын  қолданды.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ, ТЖМ-нің 52859 әсери бөлімі, ПД, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Іздестіру тобы әйелді «Шоқпартас» кордонының аумағынан тапты. Құтқарылған азаматша демалыс аумағына жеткізілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.