Әлемге танымал суретші Дастан Сәтпаевқа карикатура арнады (ВИДЕО)

30 шілде, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ФК Челси

Футбол әлеміндегі әсерлі сәттерді анимация арқылы шебер бейнелейтін танымал автор Хамид Сахари Дастан Сәтпаевқа карикатура арнады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі футбол карикатурисі, ирандық Хамид Сахари Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев пен Лондонның «Челси» клубының трансферлік саясатына арналған жаңа анимациялық ролик жариялады.

Карикатураның шығуына қазақстандық шабуылшының «Челсидің» бас бапкері Алонсо жетекшілік ететін команда құрамындағы алғашқы маусым алдындағы матчтағы жарқын ойыны себеп болды.

Аустралияда жаңа команда сапында маусым алдындағы турнеде жүрген Дастан Сәтпаев «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шығып, ойынның жетінші минутында  алғашқы голын соққан-тын. Кездесу «Челсидің» 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды.

Қазір Сәтпаев «Челси» сапында сынақ мерзіміндегі ойыншы мәртебесінде өнер көрсетіп жүр. Оның алматылық «Қайраттан» ауысуы футболшы 12 тамызда 18 жасқа толғаннан кейін ресми түрде күшіне енеді.