Өскемен қаласында ақша табу мақсатында жұмысқа орналасқан жасөспірім қолынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зардап шеккен жасөспірім құрылыс материалдарын өндіретін компанияда заңсыз жұмыс істеген.
Жасөспіріммен арада еңбек келісімшарты жасалмаған. Оған қауіпсіздік ережелерін де түсіндірмеген.
Қалалық полиция Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 2-тармағы (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сол кезде оқиғаның мән-жайын анықталады.
Айта кетері, осы бапта 200 АЕК-ке (865 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейiнгi қоғамдық жұмыстар не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазасы қарастырылған.