Конго Демократиялық Республикасында (КДР) эбола індетінен қайтыс болғандар саны 1 521 адамға жетті. Ал ауру жұқтырғандардың жалпы саны 3,4 мыңнан асты, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТАСС басылымының мәліметінше, Конгода эболадан болған өлім-жітім бір тәулікте тағы 34 жағдайға көбейіп, жалпы саны 1 521-ге жеткен.
Еске салайық, Эбола вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы Францияда тіркелген болатын. Бұған дейін Конго Демократиялық Республикасында эбола індетінен қайтыс болғандар саны 1 405 адамға жеткені хабарланған.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Конго Демократиялық Республикасындағы эбола індетіне байланысты жағдайдың дағдарыстық деңгейге жеткенін мәлімдеді. Ұйым ауру жұқтыру жағдайларының артуын, қаржыландырудың жеткіліксіздігін және шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.