ҰҚК алаяқтық жасады деген күдікпен 14 Корея азаматын ұстады

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
ҰҚК

23 шілдеде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Корея Республикасының 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Корея Республикасының құқық қорғау органдары аталған азаматтарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып алаяқтық жасаған деген күдікпен қылмыстық іс тергеп жатыр.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілер процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен өз еліне депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.