Жаңалықтар

Пентагон Майкл Флиннің үстінен тергеу бастады

ашық дереккөзі

Пентагон Майкл Флиннің үстінен тергеу бастады

АҚШ қорғаныс министрлігі президент Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі Майкл Флиннге қатысты ресми тергеу бастады. Тергеушілер Флиннің басқа мемлекеттен қаржы алуға рұқсаты болды ма деген мәселені тексермек. Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер тергеу жүргізуді қолдап, оны орынды деп атады. Флинн тапсырған салық декларациясы бойынша, ол Ресей капиталымен байланысы бар бірнеше компаниямен қаржылық байланыс орнатқан немесе олардан ақша алған. Флинн Трамп президент болып сайланғанға дейін Ресей елшісімен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары жайын талқылағанын жасырып қалғаны әшкере болған соң 13 ақпанда президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі қызметінен кеткен. Флинн сонымен қатар бұл мәселе бойынша вице-президент Майк Пенсті де жаңылыстырған.