ЖСДП үміткерлері Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытының жұмысшыларымен кездесті

Бүгін, 23:50 / Алуа Арман
ЖСДП сайты

Сайлауалды науқан аясында Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) Алматы облыстық филиалы кезекті үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу Заречный ауылдық округіне қарасты Арна ауылында орналасқан «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытының еңбек ұжымымен өтті. Зауыттың шамамен 100 қызметкері бас қосып, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысу мен кандидаттармен ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Наурыз Сайлаубай, Нұрым Нұрлыбеков және Қамбар Бәкенов сөз сөйлеп, ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын кеңінен таныстырды. Олар партияның басымдықтары, негізгі қағидаттары және еліміздің болашақ дамуына қатысты ұстанымы туралы жан-жақты баяндады.

Диалог ашық әрі сындарлы форматта өтті. Зауыт қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға кандидаттар толыққанда жауап беріп, нақты мәселелерді талқылады.

Бүгінде сайлауалды үгіт-насихат науқаны қызу жүріп жатыр, сондықтан партия үшін сайлаушылармен мүмкіндігінше көбірек тікелей кездесулер өткізу аса маңызды. Осылайша әрбір азамат ЖСДП-ның бағдарламасы, құндылықтары мен өзекті мәселелерді шешуге арналған ұсыныстары туралы нақты әрі шынайы ақпарат алады. Нақты берілген ақпарат қана адамдарға саналы әрі жауапты таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Әрбір сайлаушы кімге дауыс беретінін, қандай идеяларды қолдайтынын және елдің болашағын қалай елестететінін жақсы түсінуі қажет.

ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы өңір тұрғындарымен кездесулерін алдағы уақытта да жалғастырып, қоғамды толғандыратын мәселелерді бірлесіп талқылауға және ашық әрі адал диалог жүргізуге әрдайым дайын болады.

Тэгтер:

депутат сайлау Партия үміткер Құрылтай кандидат ЖСДП