Қазақстан Халық партиясының өкілдері Оралда перинаталдық орталық ұжымымен кездесті

30 шілде, 2026 / Інжу Әлихан
Қазақстан Халық партиясы

Бүгін Қазақстан халық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының сайлауалды штабының өкілдері Батыс Қазақстан облыстық перинаталдық орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында штаб өкілдері партияның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған негізгі бастамаларын таныстырды.

Өз сөздерінде олар Қазақстан халық партиясының заманауи денсаулық сақтау жүйесі әрбір азамат үшін қолжетімді, сапалы әрі пациенттің қажеттілігіне бағдарланған болуы тиіс деген ұстанымды қолдайтынын атап өтті.

Сондай-ақ партияның бастамасымен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру кепілдіктері кеңейтілгені, балаларға паллиативтік көмек көрсетудің жаңа стандарты бекітілгені, ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған жобалар іске асырылып жатқаны және медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау тетіктері жетілдіріліп келе жатқаны айтылды.

Кездесу барысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Партия өкілдері Қор шығыстарының ашық цифрлық есебін енгізуді және медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемін көрсетілетін медициналық көмектің сапасына қарай айқындауды ұсынды.

Іс-шарада соңында қатысушылар пікір алмасып, денсаулық сақтау саласын жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Тэгтер:

Қазақстан Халық партиясы