«Байтақ» партиясының үміткері Өскемендегі теміржол ауруханасының ұжымымен кездесті

30 шілде, 2026 / Алуа Арман
"Байтақ" партиясының сайты

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Алмаз Джакишевтің Шығыс Қазақстан облысындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы жалғасын тапты. Бұл жолы ол Өскемен қаласындағы теміржол ауруханасының медицина қызметкерлерімен кездесті. Ашық диалогқа 30-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында "Байтақ" партиясының кандидаты партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, экологиялық қауіпсіздік, халық денсаулығын қорғау және тұрақты даму мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау, олардың еңбек жағдайын жақсарту және дәрігер мамандығының беделін арттыру бағытындағы бастамалар сөз болды.

«Таза экология – халық денсаулығының негізі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтау саласын дамыту қатар жүруге тиіс. Бұл – қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды шарты», - деді Алмаз Джакишев кездесуде.

Медицина қызметкерлері де үнсіз қалмады. Олар өңірдің әлеуметтік саласы, денсаулық сақтау жүйесі және экологиялық ахуалға қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сауалын қойды. "Байтақ" партиясының өкілдері көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын жеткізді.

Тэгтер:

үміткер Құрылтай кандидат Байтақ партиясы