Ақтөбеде мешіт қызметкері 15 жастағы баланы ұрып тастаған (ВИДЕО)

Бүгін, 14:07 / Інжу Әлихан
Скриншот

Ақтөбе сотында кәмелетке толмаған жасөспірімге жасалған шабуылға қатысты іс қаралып жатыр. Оқиға биыл ақпан айында «Нұр Ғасыр» мешітінде тарауық намазынан кейін болған, деп хабарлайды turkystan.kz diapazon.kz-ке сілтеме жасап. 

Тергеу материалдарына сәйкес, 15 жастағы жасөспірім досына көрсету үшін өзгенің кроссовкасын алып, артынша оны орнына қайта қойған. Алайда мешіттің 38 жастағы қызметкері оқушыларды аяқ киімді ұрламақ болды деп ойлап, күш қолданған.

Айыпталушы жасөспірімді жерге құлатып, қатарластарының көзінше оның басынан кемінде алты рет тепкен. Оқиға толықтай бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Салдарынан оқушы миы шайқалып, бас миы жарақатын алған. Ол 20 күннен астам ауруханада ем қабылдап, кейін бірнеше ай бойы үй жағдайында оңалтудан өткен.