«Ренжімеймін»: Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы қарындасының тойына неге бармағанын түсіндірді

Бүгін, 10:54 / Інжу Әлихан
коллаж: turkystan.kz

Әнші Алтынай Жорабаеваның екінші қызының ұзату тойына актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжанның қатыспауы әлеуметтік желіде талқыға түсті. Бұл сауалға Асылханның өзі жауап беріп, тойға шақырту алмағанын, алайда оған еш ренжімейтінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Асылжан қарындасы Айнараның өткен жылы өз тойына арнайы келіп, құттықтағанын еске алды.

«2024 жылы Айнара (екінші қарындасым) тойыма келіп, мені құттықтап кеткен. Той Астана қаласында 30 шақты жақын туыстың арасында өтті. Instagram-ға жариялаған жоқпыз. Бізде Айнара – өресі биік, ақылды қыз. Қуанышына ортақпын», – деді ол.

Сондай-ақ ол қарындасының ұзату тойына шақырту алмағанын, оның себебін түсінетінін жеткізді.

«Тойға шақырту алмадым, толықтай себебін түсінемін. Ренжімеймін. Ешкімді айыптамаймын. Балаларды туыстыратын қан емес, үлкендердің қарым-қатынасы», – деп жазды Асылжан.

Айта кетейік, жуырда Алтынай Жорабаева қызының ұзату тойын өткізіп, қуанышты сәттен әлеуметтік желіде фотолар мен бейнежазбалар жариялаған болатын.

Тэгтер:

Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықов