Қазақстанда күн +44 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 09:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және басқа да өңірлерде ауа температурасы +40…+44°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді.

Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі. Жел екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Елдің бірқатар солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет ыстық