«Ұзату тойы өтеді»: Мақпал Жүнісова сүйінші хабарын айтты

Бүгін, 07:18 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, қазақы салт-дәстүрге сай өз шаңырағына алып кеткен.

«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.