Жас мамандарға сұраныс көп
Жас мамандарға сұраныс көп
Қазақстанда жас мамандарға деген сұраныс өсе бастады, бір жылда ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 1% артқан, деп хабарлайды finprom.kz.
2017 жылы ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 2016 жылмен салыстырғанда 22 мыңға артып, 1% өскен. Жас мамандарға сұраныстың өсуі жалданбалы еңбек нарығы көлемінің қысқаруымен байланысты. Еске сала кетсек, 2016 жылы ірі және орта кәсіпорындардағы қызметкерлердің тізім саны 2,4 миллион адамға дейін, бірден 19%-ға азайды. Ең көп сұраныс біліктілікті қажет етпейтін еңбекте - қызмет көрсету саласында, өнеркәсіптік нысандарда, құрылыс, көлік және байланыс саласында тіркелген. Бұл бағыттағы бос жұмыс орындар саны 2017 жылы 3,9 мың дананы құраған. Бұл 2016 жылғы сұраныс деңгейімен салыстырғанда, 1% көбірек. Біліктілігі жоғары деңгей мамандар арасында денсаулық сақтау саласындағы жұмысшыларға сұраныс жоғары болған. Биыл дәрігерлерге арналған бос жұмыс орындар саны 1,8 мың дананы көрсетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,5% көбірек. Мамандардың жетіспеушілігі денсаулық сақтау, өңдеу өнеркәсібі және ауруханалар ұйымы салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарда көрініс табуда. Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі Астанада, Алматыда және Қарағанды облысында ашылып жатыр. Сондай-ақ, Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстарында бос жұмыс орындар саны едәуір көбейген.