«Ауыл» партиясының кандидаттары Маңғыстауда «Қаражанбасмұнай» ұжымымен жүздесті

29 шілде, 2026 / Інжу Әлихан
«Ауыл» партиясы

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев, Қуанышбай Өмірзақұлы Озғамбаев, Мақсат Киікбайұлы Рзаханов және партияның Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Қаражанбасмұнай» АҚ еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Партия өкілдері кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ – Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнын игеріп, мұнай өндірумен айналысатын Қазақстандағы ірі мұнай-газ компанияларының бірі.

«Компанияның өндірістік тиімділікті арттыруға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық беретінін жақсы білеміз. Бұл бағыттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтармен де үндеседі. Осы орайда сіздердің қолдауларыңызға сенім артамыз», – деді партия өкілдері.

Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, олардың ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын тыңдады.

Кездесу соңында ұжым мүшелері 23 тамызда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырылды.

Тэгтер:

«Ауыл» партиясы