Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Айман Сексенова Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында қоршаған ортаның жай-күйінің халық денсаулығына әсері сөз болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Экология мен медицина тығыз байланысты. Таза ауа, сапалы су және қауіпсіз орта – халық денсаулығының кепілі. Сондықтан «Байтақ» партиясы денсаулық сақтау саласымен бірлесіп, экологиялық мәдениетті арттыруға және аурудың алдын алуға бағытталған бастамаларды қолдайды», - деп атап өтті кандидат.
Кездесу барысында Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелердің көбінде «Байтақ» партиясының бастауыш партия ұйымы құрылғаны айтылды. Бұл – қоғамдық денсаулық, экологиялық қауіпсіздік және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды медицина қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тараптар экология мен денсаулық сақтау саласының өзара ықпалдастығын күшейту – өңірдің ғана емес, тұтас елдің тұрақты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Қоршаған ортаны қорғау мен халық денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар одан әрі да жалғасып таппақ.