Елорда тұрғыны құрылыс алаңынан 1,2 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткен

Бүгін, 15:50 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Астана қаласының полиция қызметкерлері құрылыс нысанынан ірі көлемде мүлік ұрлаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, 34 жастағы ер адам таңғы уақытта Қалдаяқов көшесінде орналасқан құрылыс алаңына келіп, еркін қолжетімділікті пайдалану арқылы бетонды жылытуға арналған кабельді жасырын жымқырған. Ұрланған мүліктің жалпы құны 1 миллион 200 мың теңгені құрады.

Құрылыс нысанының жауапты тұлғасы келтірілген шығын бойынша полицияға арызданған. Оқиғаға байланысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полиция қызметкерлері құрылыс алаңындағы және оған жақын аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтады. Кейін ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

​Полиция құрылыс нысандарының иелеріне бағалы құрылыс материалдарын күзетілетін жерде сақтауды, аумақты бейнебақылау жүйелерімен және жарықтандыру құралдарымен жабдықтауды ұсынады. Сонымен қатар полиция азаматтарға бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.