Батыс Қазақстан облысында орманға кіруге тыйым салынды

Бүгін, 14:26 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупіне байланысты орманға баруға уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz

БҚО әкімдігінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №155 қаулысына сәйкес, жоғары өрт қаупі кезеңінде арнайы шектеулер қолданылады.

Құжатқа сәйкес, ауа райы тұрақталғанға дейін, яғни ауа температурасы төмендегенше, күн сайын сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жеке тұлғалардың орманға баруына және демалуына, сондай-ақ көлік құралдарының орман аумағына кіруіне тыйым салынады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған және әкімдік қаулысының талаптарын орындамаған азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.