Бірнеше күн бұрын әнші Ринат Шамшырақ жаңа туған баласын көліктің алдыңғы орындығына жатқызып, жүріп келе жатқан видеосы үшін сынға қалған болатын. Желі қолданушылары оны баланың өмірін қатерге тікті деп айыптап, құзырлы органдардан жауапқа тартуды сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көпшіліктің сынынан кейін әнші әлеуметтік желідегі парақшасында кешірім сұрап, үндеу жолдады.
«Кішкентайымды көліктің алдыңғы орындығына отырғызып, бес секундтық видео түсірген болатынмын. Ол жерде жол ережесін бұзамын, заңды бұзамын деген ойым болған жоқ. Оны білмей қалдым. Ол видео жақсы таралып кетіп, заң өкілдері көріп қойған екен. Сонымен маған айыппұл салды. Осыдан кейін біліп жүретін боламын. Заңды бұзбаймын», - деді ол.