Ақтаулық өнерпаздар Грузиядағы халықаралық байқауда 7 Гран-при жеңіп алды

Бүгін, 09:59 / Інжу Әлихан

Ақтаудағы Life Dance балет мектебінің тәрбиеленушілері 20–27 шілде аралығында Грузияда өткен XII халықаралық «Оранжевый Кобулети» фестиваль-байқауында сәтті өнер көрсетті. Жас бишілер жеті Гран-при, сондай-ақ бірнеше бірінші орын мен І дәрежелі лауреат дипломдарын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Биыл XII халықаралық «Оранжевый Кобулети» фестиваль-байқауына Қазақстан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдердің шығармашылық ұжымдары қатысты. Байқау жас өнерпаздардың тәжірибе алмасуына және шығармашылық байланыс орнатуына мүмкіндік берді.

Қазақстан мен Ақтау қаласының намысын Елена Досумованың жетекшілігіндегі Life Dance балет мектебінің тәрбиеленушілері қорғады.

Топ құрамында:

Ұжым байқауда барлығы 12 нөмір ұсынды. Нәтижесінде:

Елена Досумованың айтуынша, кәсіби дайындық, күнделікті еңбек және балалардың өз шеберлігін көрсетуге деген зор ынтасының арқасында ұжым жоғары нәтижеге қол жеткізген.

– Life Dance балет мектебі үшін бұл сапар халықаралық байқауға қатысумен ғана шектелмей, өнердің, достықтың және мәдени алмасудың үлкен мерекесіне айналды. Жеті Гран-при, бес бірінші орын, жаңа таныстықтар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер – еңбек, табандылық және балет өнеріне деген сүйіспеншіліктің лайықты жемісі болды. Бұл марапаттар – бірнеше айлық дайындықтың, үздіксіз жаттығулардың және балетке деген шексіз махаббаттың нәтижесі. Әр тәрбиеленуші үшін бұл жай ғана жеңіс емес, кәсіби әрі шығармашылық дамудағы маңызды қадам. Осындай жетістіктер балаларды армандауға, дамуға және Қазақстанның абыройын халықаралық сахнада мақтанышпен танытуға шабыттандырады, – деді Елена Досумова.