"Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ": Рүстем Жаныамановтың жұбайы желіде жүрек тебірентер жазба жариялады

Бүгін, 21:18 / Жамбыл Жайлау
ozgeris.info коллажы

Қазақстандық актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен тұңғыш перзентіне арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актриса баласының отбасы өмірінде ерекше орын алғанын айтып, онымен бірге өткізген 12 жылға шүкіршілік білдірді.

"Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рахмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың, көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің… Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандылықтың үлгісін көрсеттің…

Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар, бірақ "Құдайсыз қурай да сынбайды" демек бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар. Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз…" – деп жазды актриса.

Тэгтер:

Жанаргүл Жаныаманова