"Ойыны таңғалдырады": Хаби Алонсо Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Бүгін, 20:01 / Жамбыл Жайлау
amanvibe.kz

Лондондық "Челсидің" бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың Аустралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" клубына қарсы жолдастық кездесуде соққан дебюттік голынан кейін оның ойынына баға берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Челси" 6:4 есебімен жеңіске жеткен матчтан кейін испаниялық маманнан 17 жастағы шабуылшының өнері мен келесі маусымдағы мүмкіндігі туралы сұралды. Алонсо маусым алдындағы дайындықтың қорытындысы бойынша клубқа кадрлық шешімдер қабылдау қажет екенін айтты.

"Маусым алдындағы дайындық барысында көптеген шешім қабылдауымыз керек. Өткен жылы мұнда болмаған бірқатар ойыншыны бақылауға мүмкіндік туғаны жақсы. Кейін тиісті шешімдер қабылдаймыз. Сондықтан маусымдағы алғашқы матчқа шығатын құрам туралы айтуға әлі ерте", – деді Алонсо матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

"Челси" бапкері Дастан Сәтпаевтың ойын қасиеттеріне де жеке тоқталды.

"Мен Дастанды былтырдан бері, Алматыдан білемін. Оның өзгеше ойыншы екені көрініп тұр. Ол қарсылас қақпасына үлкен қауіп төндіреді. Шабуылшының жанындағы бос кеңістікті жақсы пайдаланып, қапталдан алға ұмтылады. Бұл – оның клубтағы алғашқы тәжірибесі. Ол өзін жақсы қырынан көрсетті", – деді испаниялық маман.

Сәтпаевтың Англия Премьер-лигасында ойнауға физикалық тұрғыдан дайындығы туралы сұраққа Алонсо қысқаша жауап берді.

"Ол өте мықты әрі өте жылдам. Дастанның ойыны сіздерді шынымен таңғалдырады", – деді бас бапкер.

"Вестерн Сидней Уондерерс" клубына қарсы кездесуде Сәтпаев алтыншы минутта есеп ашты. Қазақстандық футболшыдан бөлек, лондондық клуб сапында Дариу Эссугу, Джейми Гиттенс және хет-трик жасаған Жоау Педру гол соқты.

Тэгтер:

Футбол Челси Дастан Сәтпаев