«Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облысындағы балалар үйінің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында кандидат Диляра Жұмағұлова «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, балаларды тәрбиелеу, әлеуметтік қолдау, білім беру және мекеме қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ ұжым өкілдері өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу барысында балалардың әл-ауқатын арттыру, білім беру сапасын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру жөнінде пікір алмасу өтті.