Қазақстанның екі азаматы Алтай Республикасында жол апатынан қаза тапты

Бүгін, 15:43 / Алуа Арман
Фото: yk-news.kz

Алтай Республикасының Ұлаған ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның екі азаматы қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алтай Республикасы Мемлекеттік автоинспекциясының мәліметінше, жол апаты 27 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30 шамасында Ақташ ауылының маңында болған. Toyota Avensis автокөлігін басқарған 31 жастағы жергілікті тұрғын қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Қазақстанның 40 жастағы азаматы тізгіндеген Chevrolet Nexia көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен оның 44 жастағы жолаушысы ауыр аралас жарақаттармен Ақташ аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Әртүрлі дәрежедегі жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды. Олардың қатарында Toyota көлігінің 21 жастағы жолаушысы – Ақташ ауылының тұрғыны, сондай-ақ Chevrolet көлігіндегі үш жолаушы – Қазақстан азаматтары, екі 63 жастағы ер адам және 13 жастағы қыз бар. Ал жол апатына кінәлі жүргізуші жеңіл жарақат алып, ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

«Тексеру барысында әйелдің көлік құралын басқару құқығы болмай тұра және мас күйінде рөлге отырғаны анықталды. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Мемлекеттік автоинспекция.

Жол апатының барлық мән-жайы анықталуда.

Тэгтер:

Жол апаты Қазақстан азаматы Алтай Республикасы